"Бір жыл өмірім қалғанын айтты": Жас қыз өлім аузында жатқан сүйіктісіне тұрмысқа шықты

Англияның Аккрингтон қаласының тұрғыны қатерлі дертке шалдығып, өлім аузында жатқан жігітіне тұрмысқа шықты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LancsLive порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

2016 жылы Дэн Кэссидидің аққан ауруына шалдыққаны анықталыпты. Жігітке диализ жасалып, қаны тазартылған. Алайда артынша оның миына қан құйылып, дәрігерлер жасанды комаға енгізуге мәжбүр болады.  

Мұнан кейін Кэссидидің миына ота жасалып, бағаналық жасушалары алмастырылып, химио және радиотерапия алыпты. Ол Рождествоның қарсаңында ауруханадан шығарылған. 

26 жастағы жігіт дертінен айыға бастаған соң, 10 жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісі Дарси Янгтен тұрмысқа шығуын сұрап, ұсыныс жасайды. Ер адам ауруханадан шыққан соң өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін ұққанын айтқан. 

Кэссиди сүйіктісін ата-әжесінің сүйікті дәмханасына алып барып, бір қорап кәмпит сыйлаған. Қораптың ішінде «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деп жазылған. 

«Мен 15 жаста болғанда ол шоколад сыйлап, кездесуді ұсынған еді», - деп еске алады Дарси.

Осылайша, шаңырақ көтеруге ниеттенген ғашықтар 2019 жылдың қараша айында некелесуді ұйғарады. 

Кэссиди әр үш ай сайын дәрігердің тексеруінен өтіп тұрған. Биылғы жылдың наурыз айында оның дерті қайтадан сыр беріпті. 

«Дәрігерлер бір жыл өмірім ғана қалғанын айтты», - дейді жас жігіт.

Ғашықтар мұндай сұмдық хабарды естігеннен кейін үйлену тойын шілде айында өткізуді шешіпті.

«Үйлену тойы түрлі сезімге толы болды. Бұл менің өмірімдегі ең керемет күн. Бәрі қиялдағыдай өтті», - дейді қалыңдықтың құрбысы Хизер Лэндон.

Дарси бүгінде күйеуімен өмірдің әр сәтінен ләззат алуға тырысып жүргендерін айтады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді

Іші де шықпаған: Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Ол асқазаны ауырғаны үшін дәрігерге барып, жүкті екенін білген

"Зәулім үйі мен көлігі бар": Қарағандыда әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасы анықталды

8 баласы бар отбасы 100 шаршы метрдегі үйде тұрып жатыр
Çàãðóçêà...