Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір үйдің үш баласы өртеніп кеткен: Зардап шеккен отбасыға әкімдік үй алып беретін болды

Атбасар ауданының Хрящевка ауылындағы өрт кезінде үш баласы қайтыс болған отбасыға аудан орталығынан тұрғын үй сатып алынады. Осы мәселе бойынша демеушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат  агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеп.

Өрт кезінде зардап шеккен отбасыға мемлекет тарапыннан көмек болатынын Атбасар аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта әкімдік Атбасар қаласында тұрғын үй сатып алу мәселесін пысықтауда. Демеушілермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев.

Аудан әкімінің орынбасарының сөзінше, аудан басшысы қайғылы оқиға орнына барып, жағдайды өз бақылауына алған. 

"Жерлеу шаралары ұйымдастырылуда. Зардап шеккен отбасымен психолог жұмыс істейді. Барынша көмектесеміз", - деді Абай Бекбаев.
Сонымен қатар, аудандық ауруханада тірі қалған отбасы мүшелерінің денсаулығы туралы айтуды ұмытпады. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта стационарда 16 жастағы жасөспірім ғана қалады екен.

"Бүгінде ауруханада 2004 жылы туған бала ем алып жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр. Оның оң жақ білегінің кесілген жарасы және артқы жағында кішкентай күйіктер бар. Шамасы, улы газдан улаған болса керек. Өйткені жұту қиынға соғып жатыр деп шағымданған. Біз инфузиялық терапияны, антибиотиктерді тағайындадық. Жағдайы тәуір болып келеді", - деді Атбасар аудандық ауруханасының бас дәрігері Зарыққан Шаубаев.

Ал 2012 жылы туған бала зардап шеккен жоқ.

"Сегіз жасар қызды әкесі бірінші терезеден алып шыққан. Анасының айтуынша, ол қазір Атбасарда әжесінің қасында. Анасы жа жарақаттанған. Оның аяқтары жараланған, алғашқы көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызатындай себеп жоқ", - деді бас дәрігер.

Талқылау