Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір күдіктіні ғана ұстаған: Маңғыстау облысында бір топ адам жергілікті тұрғынды соққыға жыққан

Желілерде Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында ер адамға белгісіз адамдардың шабуылдаған бейнежазбасы таратылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция ҚК 106-бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша қылмыстық іс қозғады. Бір күдікті ұсталды. Желі қолданушылары қаскөйлер жазадан құтылып кете ме деп алаңдаулы.

Ер адам жерде отырған кезде оны бір топ жігіт ұрып тастаған. Оқиға 18 маусымда Бейнеу ауылында болған.

“Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір күдікті тергеу изоляторына қамалды, – деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан өзінің Facebook парақшасында оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

“Бейнежазбада Бейнеу ауылының тұрғынына төрт адамның шабуылдағаны көрінеді. Кадрлар 18 маусымда түсірілді. Күдіктінің әскери ұйымда жұмыс істейтіні, сондықтан істің материалдары әскери тергеу бөліміне жіберілгені айтылған. Бірақ видеода төрт адам шабуылдаған сияқты, әлде сіздердің көру қабілетіңізде проблема бар ма? Бұл сұраққа жауап беруді талап етемін, – деп жазды әлеуметтік желілерде Бибігүл Рамазан.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, ұрып соққандар – ер адамның әйелінің туыстары. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары түсіндірмеді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 13:13