БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бір көргеннен ғашық болдым»: Әйел өзінің туған інісіне тұрмысқа шықты

АҚШ-тың Флорида штатында әйел өзінің туған інісіне тұрмысқа шықты. Ол ағасымен ересек кезінде танысқан. 

51 жастағы Дебби Зутант 3 жасынан бері өзін асырап алған отбасында өскен. Ол 35 жасқа толғанда өзінің туған ата-анасының кім екенін анықтау үшін детектив жалдаған. Артынша ол өзінің ата-анасын тапты. Зутант олармен кездескен кезде, әкесі оның 23 жастағы Джо есімді інісі бар екенін айтыпты. Мұнан кейін әйел оны тауып алып, кездесуді ұйғарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Әйел інісіне бір көргеннен ғашық болып қалғанын мойындады. Інісі де кетәрі болмаған екен. Олар екінші рет кездескеннен кейін түнді бірге өткізіп, арада екі апта өткен соң бірге тұра бастаған. Олар өзгелердің пікірінен қорыққандықтан, 10 жыл бойы қарым-қатынасын жасырып келіпті.  

2015 жылы ерлі-зайыпты штаттағы тыйымға қарамастан, шаңырақ көтерді. Олардың тегі екі түрлі болғандықтан, тіркеушілер олардың туыс екенін білмей қалған.

Алайда 2019 жылы Зутант пен Джо ажырасып кетіпті. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр