Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бір қарасам, газельдің ішінде отырмын": Бота Бейсенова қалай тұрмысқа шыққанын айтты

 

Бота Бейсенова жары Ғанидің өзін қалай алып қашқанын айтып жұртты күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұлдызды жұп Ғани мен Ботаның үйленгеніне 24 жыл толған. Осы бір айтулы күннің құрметіне Бота Бейсенова желідегі парақшасына алып қашу операциясы туралы жазған. Бастапқыда сезімдерін көзқарас арқылы білдіретін жұп, артынша бір-бірін шын жақсы көретінін ұғынған сыңайлы. 

"Ғанекең негізі бір көргеннен маған ғашық болған екен. Содан бастап 3 жыл бойы мені айналшықтап жүрді. Бір топта оқимыз. Күнде көрісеміз. Бірақ көп сөйлеспейміз, менен ұялады. Тек ғашық көздерімен қарайды да отырады лекцияда. Мен ұяңдау жігіт екен деп қашқақтап жүргем. Дегенмен институтты аяқтауға жақын қалған кезде менде біртүрлі қимастық сезім пайда бола бастады. Адам біреуден айырылатынын шын түсінгенде ғана қадірін біле бастайды ғой. Менің де Ғаниға деген сезімім өзгеріп, оны ұнататынымды түсіндім. Ол да соны байқап, қуанып сала берді", - дейді Бота Бейсенова.

Ғани мен Бота осылайша бір-бірін ұнатып, артынша отбасын құрған. Ғани Жүнісов Бота Бейсенованы алып қашарда дәптер аламын деп сұрап алған көрінеді. Елбасының алдында ән айтқалы тұрған аруды бір топта оқыған қатарластары көндіріп, алып қашқан. 

"Көзінде мүмкін үйленіп те қалармыз деген үміт оты пайда болды. Сонымен не керек, ертеңіне кешке үйде анам екеуіміз ғана едік. Ғани есікті қақса анам ашыпты. "Сәлеметсіз бе? Ботадан бір дәптер алайын деп едім. Шақырып жібересіз бе?"депті. Шықсам, бір топ достарымыз келіп тұр топырлап. "Тыныштық па?" деймін. "Менің туысқандарым күтіп отыр. Беташарға дайындалып. Біз бүгін сені алып қашамыз" дейді Ғани. "Естерің дұрыс па? Мен 3 күннен соң Елбасының алдында ән айтуым керек. Басты қатырмаңдар. Қайтыңдар үйлеріңе!" дедім. Содан жан-жақтан көндіру басталды", - деп жазды өнер иесі.

Қалай ғана келіскенін байқамай қалған Бейсенова ханым осылайша қызықтарымен бөлісіп, қалай шаңырақ көтергендерін айтып берді. Бүгінде өнер иелері үлгілі отбасылардың біріне айналған.

"Бір қарасам, газельдің ішінде отырмын.16 студент шу-шу етіп ауылға қарай ұшып бара жатырмыз. Сөйтсем алдын ала ештеңе де айтпаған. Ауылға қарай шыққан соң, жолда звондапты. Сөйтіп олар дайындалсын деп, уақыт созу үшін жолда әр жерге бір тоқтап тост сөйлейді", - дейді Бота Бейсенова.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр