Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір-бірін атып тастар еді": Байзақова еліміздегі жағдайды түсіндірді

Айжан Байзақова еліміздегі жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бір-бірін атып тастар еді: Байзақова еліміздегі жағдайды түсіндірді

Атышулы ару еліміздегі адамдардың барлығының қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Ол адамдардың ашулы екенін жеткізген. Қазақстанның әрбір тұрғынының бойында біреуге деген ыза бар. Сондықтан, егер адамдарға бір-бірін өлтіруге мүмкіндік беретін болса, елімізде ешкім тірі қалмайтын еді деп пікірін білдірді ол. 

"Барлығы бір-бірін атып тастайтын еді. Жаңалықтарды оқып отырып, егер қазақстандықтарға "Судная ночь" фильміндегідей мүмкіндік берсе, ешкім тірі қалмайтын еді деп ойлап отырмын. Бәрінің жеккөретін адамы бар. Атеистер сенімі бар адамдарды, сенімі барлар атеистерді, еркектер әйелдерді, кедейлер байларды, ал мен өзімнің хайтер жазылушыларымды. Сіз барлығын бірдей жақсы көретін адамды танисыз ба? Тек сол ғана тірі қалатын еді", - дейді Айжан Байзақова. 

Мұны көрген желідегілердің көбі блогерді жақтап шыққан. Олар ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Айжан Байзақованың сөзіне қосылған жұрт, жарыса жазды. 

"Қалжыңыңыз күлкілі, бірақ қорқынышты", "Айналамдағы адамдардың 90%-ы өліп қалатын еді", "Мен барлығын жақсы көремін. Бірақ тірі қалмайтын едім", "Егер осындай жағдай бола қалса, бұрынғы жігіттерімді атып тастайтын едім", "Саған жаман пікір жазатындер жай ғана көре алмайды", - дейді жұрт. 

Талқылау