Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бір айлық медреседей болды": Бағлан Әбдірайымовтың оқиғасы жұртты ойландырып тастады

Бағлан Әбдірайымовтың жазған оқиғасы жұртты ойландырып, тәубеге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші оразаның соңғы күнінде желідегі парақшасына бір айдағы өзгерісі туралы жазба жазып жұртты таңқалдырған. Өнер иесі өзінің жақсы жаққа бет бұрғанын айтып мақтанды. Соған орай, бір оқиғаны айтып, мысал келтірген. 

"Ардақты жақсыларым, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Шама келгенше жақсы постар жазып, тікелей эфирде әдемі әңгімелер жүргіздік. Ораза айы бір айлық медреседей болды.
Ертеректе әкесі бұзық баласынан шаршап, медресеге ұстазға әкеп тапсырыпты. "Мен мына баладан шаршадым, қалай тәрбие берсем болады, ұстаз? Өзіңіз жөнге салып бересіз бе" - деп қалдырып кетеді. Сонда ұстаз: "Саспаңыз, әуелі Алла" - деп жауап беріпті. Әкесі кеткен соң ұстаз балаға: "Әкең сені осында ұзақ жылға қалдырғысы келді, бірақта мен сені бір айда босатамын, тек бір шартым бар" - деген екен. Сонда шошып кеткен бала: "Ұзаққа қалғым келмейді, бір айда босату үшін қандай шарт болса да орындаймын" - деп келіседі", - деп жазды Бағлан Абрдайымов.

Артынша келісім шартқа отырып, жамандық жасауға қауқарсыз болып қалған бала өзінің қаншалықты өзгергенін, бұрынғыдай нашар адам бола алмайтынын түсінген. Өнер иесінің оқиғасы жұртты сүйсіндіріп, жақсы мінез қалыптастыруға бір қадам итермелеген сыңайлы. Биылға ораза әншіге айтарлықтай әсер еткен болуы керек, ол ішіндегіні ашық жазып, жамандықтан жиренуге шақырды.

"Ұстазы: "Бір ай бойы жаман әдетіңнен тыйылып жүрсең болды" дейді. Бала оңай келісіп, бұзықтығын қояды. Медреседе күніге балалармен бірге жақсылық жасап, жақсы әдеттерге дағдыланып, уәдесін бұлжытпай орындайды. Келісілген уақыт келгенде әкесі баласын үйіне алып кетеді. Ал, енді бір ай бойы бұзықтық жасамаған бала ескі әдетіне салып, қоразды теуіп, итті қылқындырып, көршінің дарбазасын тас ұрып бастайын десе, бұл жаман әдеттен арылып қалып, жақсы амалдары әдетке айналып үлгеріпті. Міне осы рамазан баршамызға жамандықтан тыйылып, жақсылыққа бастар жол болсын! Алла деген құр қалмас" - дегендей пендешілік өмірді лайықты түрде сүруді баршамызға жазсын! Екі өмірдің жақсылығын тілеймін! Тілекші болайық!" - дейді Бағлан Әбдірайымов.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр