Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыл аймаққа" кірудің аз алдындамыз: Сағынтаев Алматыдағы коронавирус жұқтырғандар туралы

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы коронавирус жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы "сары аймақ" пен "қызыл аймағында" тұр. Эпидемия күнне-күнге өршуде. Бүгінгі таңда қаламызда коронавирус жұқтырғандар саны 15 325 адам. Күніне 35 адам жұқтыруда. Күн сайын 35-40 арасында көрсеткіш бірде өсіп, бірде түсіп тұр. 93 пайызы сауығып кетті, 314 адам қайтыс болды. Бүгінгі таңда төсек орын 7011 құрайды, резервте 5558 тұр. 1453 төсек таратылған, 11 пайызы бос емес. Тағы 250 реанимациялық төсек бар. Оның 23-і жұмыспен қамтылған.

Стационарлық емдеудегі адамдардың жағдайы бойынша. Балалар - 13, 137 адамның жағдайы орташа, 49 науқастың жағдайы ауыр, екі науқастың жағдайы өте ауыр. Желдеткіште үш науқас бар. Біздің ковидтік клиникаларда 149 ӨЖЖ аппараты бар. Амбулаториялық емдеуде 323 пациент бар, оның 168-і симптоматикалық, қалғандары асимптоматикалық

Егер соңғы бірнеше айда біз орташа көрсеткіштерді көретін болсақ, тамызда - 59,8, қыркүйекте - 14, қазанда - 10, қарашаның 15 күнінде - 15 пайызға өскен. Жағдай нашарлауда. Біз 15 күнде сонша өсім, ал әлі 15 күн бар. Менің ойымша, бұл көрсеткіш одан да көп болады", - деді Бақытжан Сағынтаев Akimat live бағдарламасы аясында "Алматы" телеарнасында тікелей эфирде.

Еске салсақ, Қазақстанда карантин бойынша жаңа шешімдер қабылданған еді. Ал Алматы "сары аймақта" тұрғанын хабарлаған едік. 

Талқылау