Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір автобусты жарты сағат күтесің": Ақтөбе халқы шалғайдағы емханаға сағаттап қатынап шаршады

Ақтөбедегі саяжай тұрғындары 4 шақырым жердегі емханаға әрең жетеміз деп наразылық білдірді. Жергілікті халық аялдамаға жарты сағат жүріп, жарты сағат автобус күтетінін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Шалғайдағы емханаға сағаттап жету әсіресе зейнеткерлер мен балаларға қиын дейді тұрғындар.

“Бізде алты ай сайын система алатын адамдар бар. Ал автобусты бір жарым сағат күтуіміз керек. №10 автобустан басқа ешқандай автобус бармайды. Тек №10 автобусты күтуге тура келеді. Емханадан үйге қайту үшін тағы сол уақыт кетеді. Кішкентай балалары бар аналар да бар”, – дейді тұрғындардың бірі Света Айсаутова.

"Абрикос", "Черемуха" и "Вишневый сад" деген үш саяжай емханадан 4 шақырым жерде орналасқан. Адамдар ең жақын аялдамаға дейін жарты сағат жаяу жүреді. Ал саяжай аймағына бір ғана қалалық маршрут кіреді. 

“Біз көлік басқармасына хабарласып, көмек сұраймыз. Сосын автобус санын көбейтіп, қосымша шағын автобус берсе. Біз емхананы қаншалықты жақын жерден сала алатынымызды көру үшін желілерді реттеуіміз керек. Бұл бір күндік жұмыс емес”, – дейді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Мұратжан Қажғалиев.

Саяжайда қазірдің өзінде 300-ден астам отбасы тұрады. Мұндағы алғашқы тұрғындар осыдан 20 жыл бұрын үй салып, қоныстанған.

Айым Болатқызы
Жұма, 29 Қараша, 2024 10:02