Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш бірдей аурухана қабылдағысы келмеген: Ақтөбеде 5 жасар қыз көз жұмды

Ақтөбеде 5 жасар қыз ЖРВИ-дан көз жұмды. Марқұм қыздың ата-анасының айтуынша, дәрігерлер ауруға шалдыққан балаларына 15 сағат бойы диагноз қоя алмай, бір ауруханадан екіншісіне көшіріп жүріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына  сайтына сілтеме жасап.

Сурет: diapozon.kz сайтынан

Анасыны Алмагүл Ахметованың сөзінше, 11 қазан күні қызы Іңкәрдің дене қызуы көтеріліп, өзін нашар сезіне бастаған. Ол ауырып тұрған баласын №2 емхана алып барыпты, алайда ол жердегі дәрігерлер қыздың жай ғана дене қызуы көтеріліп тұрғанын айтып, дәрі-дәрімек жазып, үйлеріне қайтарып жіберген. Барлығы қарапайым суық тию сияқты басталыпты. 

Іңкәрге осы жылы бірінші рет сол кезде суық тиген екен. 12 қазан күні қыз тіпті орнынан тұра алмай, жатып қалыпты. Анасы жереу жедел жәрдем шақыртқан. Ал ауруханаға жеткен олар дәрігерлерді 4 сағат бойы күткен көрінеді. Ақырында мамандар келіп, қызға бірнеше сараптама жасаған, бірақ қыздың ауыру себебін таба алмапты. Шарасыздықтан мамандар қызды жұқпалы аурулар емханасына алып бару қажет деп айтқан. Алайда жағдай жеделдікті талап ететіндігі ешкімді алаңдатпапты. Жәрдем қызметі жарты сағаттан соң бір-ақ келген.  

Ол жердегі дәрігерлер де құр сараптама жасаудан басқа ешнәрсе істей алмапты. Ақыр соңында олар да ауырып жатқан қызды басқа емдеу мекемесіне – жедел медициналық жәрдем ауруханасына алып баруды сұраған.  Бұл жерде де барлығы қайта басталыпты, алдындағы ауруханаларда қыздың өкпенің қабынуына шалдығуы мүмкін деп айтса, мұндағы дәрігерлер менингиттің бастапқы фазасы деген диагноз қойды. Бірақ аурухана емшілері дәрі-дәрімектің жоқтығын сылтаулатып, тіпті, жылауға шамасы жоқ қызды қайтадан жұқпалы аурулар емханасына жіберіпті. 

«Жұқпалы аурулар емханасында жүргізген сараптамалар менингитті анықтамады. Соңғы рет қызымды тірі күйінде түнгі бірде көрдім. Таңертең реаниматолог келіп, қызымның жағдайы өте ауыр екендігін айтты, содан кейін доцент маман вирусты менингит диагнозын қойды», - дейді қайғырған ана. 

"Біз күні-түні немеремнің жанында болдық. Күндіз үйге бару қажет болды. Ал бара жолда қызым қоңырау шалып Іңкәрдің шетінеп кеткендігін айтты", - деді Іңкәрдің әжесі. 

Қазіргі таңда денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесіне сәйкес,  бұл оқиғаға байланысты тәуелсіз комиссия құрылып, тексеріліс жүргізіліп жатыр екен. 

«Қыздың көз жұмуына өкпе мен тыныс алу жолдарын, сонымен қатар мидың зақымдануына әсер еткен вирусты инфекция себеп болды», - делінген басқарма хаттамасында. 

Іңкәрдің туыстары болса кінәлі адамдарды анықтап, оларды жазалау үшін прокуратураға шағымданыпты. 

Талқылау