Былтыр заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам дәрілік зат пен медициналық бұйым алынды - ДСМ
Былтыр заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам дәрілік зат пен медициналық бұйым қаптамасы алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда 7,5 мыңға жуық дәрілік препарат пен 11 мыңнан астам медициналық бұйым тіркелген.
“Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитеті өткен жылы дәрілік заттардың бөлшек сауда нарығына 2,7 мыңнан астам тексеріс жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 579 әкімшілік хаттама жасалып, 90 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды”, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.
Оның сөзінше, соңғы екі жылда контрафактілік фармацевтиканы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 66,5 млн теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ дәрілік заттарды заңсыз сатудың 588 фактісі анықталған. Былтыр заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам дәрілік зат пен медициналық бұйым алынды.
"Тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бақылау шеңберінде олардың сапасына бағалау жүргізіледі. Осылайша, жыл сайын Ұлттық сараптама орталығы сапаны бағалау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға 100 мыңға жуық сәйкестік сертификатын, сондай - ақ 2000-ға жуық теріс қорытынды береді, бұл сапаны бағалаудың жалпы санының 0,2% -ын құрайды", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді