Білім министрі Тоқаевқа хат жазған 10 жасар оқушының арманын орындады

Таяуда 10 жасар алматылық оқушы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған еді. Артынша баланың хаты туралы бүкіл қазақстандық білді. Мектеп оқушысы Нұрбақыт Ғалымжанның анасы хаттың иесіне жетіп, ұлының арманы орындалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқушы президентке арнап хат жазды

Президентке хат жазған оқушының анасы Алма Серікқали Facebook желісінде ұлының өміріндегі өзгерістер туралы айтты. Оның сөзінше, білім және ғылым министрі кішкентай Ғалымжанның арманын орындаған.

Өз кезегінде Алма Серікқали мемлекет басшысы мен министрге алғыс білдірді. 

«Ел президентінің қарапайымдылығы менің ана жүрегімді елжіретіп, оған деген шексіз құрметімді арттырды.

Сондай-ақ, білімі мен біліктілігінің арқасында білім биігінің тұғырын бағындырған Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы да «4 сынып оқушысының хаты» деп қарамай үлкен азаматтық танытып, баламның хатына жауап жазуы да оның жас та болса қайраткерлігін көрсетті. Асхат Қанатұлы осы асыл мінезімен көпке үлгі бола отырып, енді ғана буыны бекіп келе жатқан бала қыранның қанатының қатайып, биікке самғауына жол ашып, асқақ арманының жүзеге асуына ықпал жасап, таэквандо спорт секциясына жазды. Бүгінгі білімнің биігінде осындай ел үшін ет жүрегі елжірей білетін мемлекет қайраткері тұрғанда кем-кетігіміз түзеліп, ерік-жігеріміз қайрала түсері анық. Біз Сізге сенеміз, Асхат Қанатұлы!» - деп жазды оқушының анасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін 10 жасар оқушының президентке жазған хаты жарияланған еді. Тоқаев хатпен танысып, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке оған жауап беруді тапсырды. Артынша БҒМ басшысы оқушыға жауап берді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді
Çàãðóçêà...