БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Былғанған киімін жуамыз": Алматыдағы қарттар үйінің қызметкерлері 42 мың теңге жалақы алатынын айтып ашынды

Алматыдағы қарттар үйі, қазіргі әлеуметтік көмек орталығы қызметшісіз қалуы мүмкін. Себебі ондағы төсек тартып жатқан қариялардың күтіміне, тазалғына жауап беретін әлеуметтік қызметкерлер наразылық танытты. 

Мардымсыз айлық пен еңбек демалысын даулаған олар мекемеге қаржылық тексеріс жүргізуді талап етеді. Ал, орталық басшысы төлемдердің заңды екенін құжат жүзінде көрсетіп берді, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеп Stan.kz.

"Біз қариялардың киімін күн сайын апарып жуғызамыз. Іші өтіп ауырса, тазалаймыз. Күніне 5-6 рет киімін ауыстырамыз. Тамақтандырамыз, бөлмелерін жуып шығамыз. Моншаға адам тасимыз. Түскі асын дайындаймыз", - деді қызметкерлер. 

Бұл әлеуметтік қызметкерлердің жұмысының бір бөлігі ғана. Жалақысына көңілі толмайтын жұмысшылар орталықтың жағдайы ауыр жандар жататын бөлімінде істейді. Жалақымыз 42-44 мың теңге ғана деп отыр.

Мекеме басшысы мұны жалпы жиналыста талқылаймыз деп нақты жауап бермеді. Директоры бір жыл бұрын ғана келген. Қаржылық дауға енді ғана тап болғанын айтады. Бұрынғы есепшілер еңбекақыны дұрыс есептемей, оларға қатысты іс қозғалған дейді. 

"Былтыр жұмысшыларға еңбекақысы дұрыс төленбеген соң тексеріс жүргізілді. 11 млн теңгенің қолды болғаны анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал, жұмысшылар бұрынғыдай көп ақшаға үйреніп қалған", - деді орталық басшысы Раиса Сыпабекова.

Айтуынша, мекемеде тағы да қаржылық тексеру жүреді. Осыдан соң наразы жұмысшылардың еңбекақысы қайта есептелуі мүмкін. Бұл сот шешіміне қарай шешіледі. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр