Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бикеш жаңа танысының үйіне кешкі асқа барып, локдаунның салдарынан шыға алмай қалған

Қытайлық бойжеткен бірінші рет кездескен жігіттің үйінде локдаунның салдарынан шыға алмай қалған. Есесіне жаңа танысы оған ас әзірлеп, асты-үстіне түсіп бағып-қаққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап. 

30 жастағы қытайлық бикеш жігітпен кездесуге барған көрінеді. Алайда Чжэнчжоу қаласында локдаун енгізіліп, тұрғындардың жүріс-тұрысына шектеу қойылған. Соның салдарынан ару жаңа танысының үйінде тұрақтауға мәжбүр болыпты. 

Жігіт бикешті үйіне кешкі асқа шақырыпты. Ол өзінің тамақты жақсы дайындайтынын көрсеткісі келмек болған. Дегенмен азамат тұратын ауданда карантиндік шектеулер орнатылыпты. 

Ару бірнеше күн бойы жігіттің үйіне қонып, екеуінің өмірін видеоға түсіріп жүрген. Оның cөзінше, танысы манекен секілді сыр бермейтініне қарамастан, қыздың асты-үстіне түсіп бағып, тіпті күн сайын тамақ жасап беріп жүріпті. 


 

Талқылау