Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібінің өнімі 116% өсті

Маңғыстау облысында биыл 11 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері оң нәтижеге қол жеткізді. 

Оның ішінде:

  • жалпы өңірлік өнім – 2,2 трлн.теңге немесе 100,9%;
  • өнеркәсіп өнімі – 2,8 трлн.теңге немесе 104,2%;
  • өңдеу өнеркәсібінің өнімі – 252,5 млрд.теңге немесе 116,2%;
  • ауыл шаруашылығы өнімі – 34,5 млрд.теңге немесе 101,6%;
  • тұрғын үйді іске қосу – 791,2 мың шаршы метр немесе 102,4%;
  • ақпарат және байланыс – 14,7 млрд.теңге немесе 105,9%;
  • сауда көлемі – 934,0 млрд.теңге немесе 106,8%.

Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясы барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.

"Облыс дамуының негізгі бағыттары - өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, сондай-ақ агроөнеркәсіп салалары болып қала бермек.

Аталған бағыттардың тұрақты дамуына тың серпін беру үшін өңірге инвестиция тарту жұмыстары жалғасатын болады. Соңғы бес жылда өңірге 4 трлн. теңге инвестиция тартылды",- деді спикер. 

STAN.KZ
Жұма, 20 Желтоқсан, 2024 12:31