"Биыл 2,5 мыңнан аса қылмыс анықталды": Ішкі істер министрлігі есірткі саудасына қарсы күрес қалай жүріп жатқанын айтты

Фото: ЖИ
Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесін құрықтау үшін кешенді жоспар дайындады. Соған сай 2024-2025 жылы құрықталған нарколабораториялар мен тәркіленген есірткі көлемі рекордтық деңгейге жеткен. Яғни 2025 жылы полиция 9 ай ішінде 26 тоннадан астам әртүрлі есірткі тәркіледі. Министрлік аталмыш заңсыз бизнесті жою үшін қандай әдістерді қолданатынын және болашақтағы жоспарларын тілшімізге айтып берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ІІМ “Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің” 2026-2028 жылдарға арналған жаңа жоспарын жобасын әзірледі. Ерекшелігі – енді олар наркобизнесті құрту үшін жасанды интеллектіні енгізбек.
“Жаңа бағдарламалық құжатта заңнамалық бастамалар қарастырылған. Онда ата-аналардың әкімшілік жауапкершілігі, қылмыстық теріс қылықтарды декриминализациялау, қаржылық тергеулер бар. Сонымен қатар баламалы биологиялық үлгілерде сараптаманың жаңа түрлерін енгізу, газ талдағыштары мен спектралды камералары бар дрондарды сатып алу міндеті тұр. Жоспарда ІІМ ҰҰА бейтараптантыру құрылғыларымен жарақтандыру, ағынды суларға химиялық талдау жүргізу әдістемесін енгізу, заттай айғақтарды сақтайтын қоймаларды цифрландыру бар”, – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Министрлік химиялық қорғаныс костюмдерімен жарақтандырып, IMAP, Mergen сияқты цифрлық шешімдерді орындайды екен.
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласында жүйелі шаралар кешенін іске асырып жатқанын айтты. Сөздерінше, жедел жұмыс күшейтілді. Есірткі бизнесінің ұйымдастырушыларын және қылмыстық схемаларды анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілген.
Нәтижесінде 2025 жылы 9 айда 2724 есірткі қылмысы анықталған. Ал былтыр құрықталған наркоқылмыс – 2657, ал 2023 жылы 2181 есірткі қылмысының жолы кесілді. Есірткі саудасына қатысты қылмыстар көбіне мегаполистерде, яғни Қазақстанның ірі қалаларында жасалады екен.
"Кибернадзор" жүйесінде биыл 26 574 интернет-ресурс енгізілгені анықталды, ал былтыр 2356 ресурс болған. Министрлік есірткі бизнесін жүргізбек болған 6 681 сайтты бұғаттады. Сондай-ақ 2 миллиард 111 миллион тенгеге 35 333 карт-шот бұғатталды.
“Биыл ІІМ-де есірткіге қарсы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі кеңес құрылды. Оның құрамына президенттің жанындағы Жастар саясаты кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, танымал спортшылар, медиа тұлғалар, сарапшылар, блогерлер және қоғам қайраткерлері кірді. Кеңестің Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында, оның ішінде президент әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыстары өткізілді. Іс-шара шеңберінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтардың қызметін тексеру іске асырылды”, – делінген хабарламада.
Осыған ұқсас кеңес еліміздің әрбір өңірінде құрылған. Еліміз бойынша 383 кеңес мүшесі бар. Оның ішіне Қазақстанның 93 белгілі медиа тұлғасы кірді.
Наурыздан бастап кеңес өкілдері халыққа есірткі бизнесіне қарсы үгіт шараларын жүргізген. Есірткіге қарсы бағытта 262 бейнеролик, 42 подкаст шығарылды. Ал алдын алу шараларын насихаттау және салауатты өмір салты бойынша 663 акция өткізіліпті.
"Профилактика туралы" заң жобасына сәйкес облыс әкімдерімен есірткі сайттарын жарнамалауға қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау міндеті жүктелген. Соның арқасынжа Астана, Шымкент және Қостанай қалаларында "Smart Astana", "Ai-Комек", "Smart Kostanai" қосымшалары жүзеге асты. Коммуналдық қызметтер граффитилерді жою жұмысын атқарған.
“Қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер кенестері, еріктілер, ҮЕҰ және жастарды тарта отырып, акциялар, семинарлар, дәрістер, конкурстар, дөнгелек үстелдер, спорттык және мәдени-бұқаралық іс-шаралар, флешмобтар өткізіліп жатыр. Әлеуметтік роликтерде есірткінің зияны мен салауатты өмір салтын насихаттайтын посттар белсенді орналастырылады. Халыкаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында спорттық турнирлер, жаппай жугірулер, конкурстар, концерттер, спорттық және интеллектуалдық ойындар, спартакиадалар откізілді. Қазақстанда ресми түрде 500-ден астам жастар ұйымы тіркелген, олар полициямен есірткіге қарсы жобаларды іске асыруда тығыз өзара іс-қимыл жасайды.”, – деп мәлімдеді ведомоство.
Жыл басынан бері 16 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткен. Оның 3 мыңға жуығы еріктілермен және жастар ұйымдарымен бірлесіп өткізілді.
Жасөспірімдердің есірткі саудасына тартылуын азайту мақсатында мектептерде 5 мыңға жуық дәріс, жоғары оқу орындарында 2 мыңнан астам дәріс ұйымдастырылды.
“Жасөспірімдерді хабардар ету жене синтетикалық психоактивті препараттарды қолданудың алдын алу мақсатында мектептер мен колледждерде "дизайнерлік есірткілер" туралы акпараттық стендтер орналастырылды. Мектеп психологтары мессенджерлердегі ата-аналар чаттарында ата-аналар мен оқушыларға арналған ақпаратты үнемі таратып отырады. Қабылданып жатқан шаралар қоғамның, оның ішінде жастар арасындағы есірткі деңгейін төмендетуге және есірткіге қарсы саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз”, – деді ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік