Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетің былқ етпей": Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген өзінің кәсіби өтірікші екенін айтты

Дәурен Айдарқұлов пен Айқын Төлепберген өзінің өтірікті кәсіби түрде айтатынын мойындап әзілдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әншілер

Сурет: instagram.com/akbotanurabaykyzy/?hl=en

Gakku фестивалінде жүргізуші болған Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов сахнада өтірік жайлы әңгіме қозғады. Актердің жас келіншегі күйеуін тағы да өтірік айттың деп айыптаған.

"Дәурен осы сенің өтірігің бітпейді. Беті былқ етпей сахнада өтірікті жіберіп тұр", - дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Келіншегінің бұл сөзіне келіспеген Дәурен Айдарқұлов ақталуға кіріскен. Дәл осы уақытта сахнаға шыққан Айқын өтірік айтумен кәсіби түрде айналысамыз ғой деп әзілдеді.

"Екеуіміздікі кәсіби ғой, кәсіби", - дейді Айқын.

Сахнада бар шындықты ашып қойса да, Дәурен Айдарқұлов Айқыннан ештеңе аямайтынын жеткізген. Ол осылайша Айқынмен бажа екенін айтып қалды.

"Айқын сен күштісің, кереметсің. Ең бастысы менің бажамсың. Ал мен жақындарымнан ештеңе аямаймын", - дейді Дәурен Айдарқұлов.

Талқылау