Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Беті бері қараған жоқ": Дәрігерлер күйеуі бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы туралы

Елордада күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберді деп болжанған әйелдің жағдайы белгілі болды. Дәрігерлердің оның өмірі үшін күресіп жатқанына тоғыз тәулік болды.

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккен екі әскери қызметкер ауыр халде жатыр

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Зардап шеккен әйел жағдайының ауырлығына байланысты әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. 
«Жағдайы ауыр, күйік шогынан шықты. Маңызды ағзалары  дәрі-дәрмек арқылы жұмыс істеп тұр. Гемрдинамикасы тұрақсыз. Нақты болжам айта алмаймыз. Беті бері қараған жоқ. Тірі қалуға мүмкіндігі бар деп айтуға әлі ерте», - дейді травматология және ортопедия институтының анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің реаниматолог дәрігері Ербол Төлегенұлы.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта зардап шеккен әйел өкпенің жасанды тыныстандыру құрылғысының көмегімен жатыр.

«Қазіргі уақытта оған ешкімді кіргізбей отырмыз. Инфекция түсе ме деп қорқамыз. Ол оқшауланған. Туыстары жағдайын білу үшін келуде. Оларға түсіндірудеміз. Ол ес-түссіз жатыр. Жасанды тыныстандыру құрылғысы қосылған», - дейді дәрігер.

Еске сала кетсек, елордада отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелін алдымен аямай ұрып-соғып, артынан бензин құйып, өртеп жіберген еді. Салдарынан әйелдің денесінің 75 пайызын күйік шалған.

Талқылау