Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бесінші мәрте әке атанған Абай Бегей ұлын перзентханадан шығарып алды

Өткен демалыста бесінші мәрте әке атанған Абай Бегей ұлын перзентханадан шығарып алды. Қуанышты сәттің фотосын әншінің әріптесі желіде жариялады, деп жазады Stan.kz.

Бесінші мәрте әке атанған Абай Бегей ұлын перзентханадан шығарып алды

“Абеке Мүслімнің бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын! Өмір-жасы ұзақ болсын!” – деп тілегін жеткізді әріптесінің қуанышына ортақтасқан Асхат Тарғын.

Айта кетейік, 2015 жылы жұбайынан айырылған Абай Бегей балаларын үш жыл бойы бір өзі тәрбиеледі.

Әнші 2018 жылы өзінен он алты жас кіші қызды жар етіп алды. Бұдан кейін Ақтауда туыстарының қарауында қалған балаларын Алматыға көшіріп әкелді. Бүгінде Абайдың үш қыз, екі ұлы бар. Сондай-ақ, тұрмыс құрған тұңғышы Еркеден бір немере сүйіп отыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау