Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Қарағандыда мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, 5 көлікпен соқтығысты деп күдіктелген азамат ұсталды. Бұған дейін оның апаттан кейін ұйықтап қалғаны хабарланаған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пара алған: Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Полиция мәліметінше, Lexus 570 автокөлігінің 49 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сондай-ақ, оқиға орнында ер адамды көліктен шығарып, полицияның қызметтік көлігіне апара жатқан кезде кедергі келтірген азаматтарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда Lexus көлігін тізгіндеген жүргізушінің аулада тұрақта тұрған 5 көлікпен соқтығысып, артынша ұйықтап қалғаны хабарланған еді. Анықталғандай, ол оқиға кезінде мас болған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Талқылау