Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкесіне берсеңдер беріңдер, бермесеңдер қойыңдар дедім": Қызылордалық жігіт әйелімен қалай үйленгенін айтып берді

Қызылордалық ер адам КТК арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында әйелімен қалай танысқанын айтып, оны ұялтып алды. Айтуынша, ешқандай да гүл апарып немесе сөз салмаған, тек үйленгісі келетінін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Самат

«2014 жылы №22 маршрутты айдап жүрдім. Бұл уақытта ол да мен де жас едік. Алғаш сол кезде таныстық. Жоқ, бірден ғашық болдым деп айта алмаймын. Шындық қой, рас. Мен маршрутта жүргеннен кейін қыздар көп болатын. Кейін үйлену керек болған соң, үйлендім. Үйленгім келетінін айтқан кезде бәрі басын алып қашты.

Үйіне барып едім, анасы шықты. «Маған Малика керек еді» дедім. Дұрыстап гүл апарып, сөз салып көрген емеспін. «Мен негізі үйленуге келген адаммын. Қалай қарайсың?» дедім. «Сенің есің дұрыс па?» дегендей айтты. Гүл апарған түгім жоқ, өзім бардым. Әкесінен бата алып, «Беретін болсаңдар беріңдер, бермейтін болсаңдар, қойыңдар» дедім», - деп Самат отау құрған шағын еске алды. 

Әйелі Малика Сейілбекова өз кезегінде күйеуін ерекше ұнатқанын жасырмады. 

«Бұл ол кезде әдемі, көзілдірік тағып жүретін. «Түрі қандай екен?» деген қызығушылық болды. Жас болғаннан кейін қалжыңдап «Түбінде сені бәрібір келіншек қыламын» деп жүрді», - дейді келіншек. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр