Бензин мен дизель отынына қатысты шектеу ұзартылды
Қазақстанда мұнай өнімдерін көлікпен шығаруға тыйым салудың мерзімін тағы алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірлескен бұйрыққа энергетика, қаржы, ішкі істер министрлері, сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қол қойды.
"Авиациялық отын мен автомобиль дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді қоспағанда, бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі бірлескен бұйрықтың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды атқарады. Оған ішкі істер министрлігі де көмектеседі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген