Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз ер азаматтардың жалаңаш суреттерін жариялаған: Әлеуметтік желі арқылы алаяқ екі баланың әкесінің өмірін улауда

Көкшетау қаласының тұрғыны әлеуметтік желідегі жалған ақпарат өмірін улап жатқандығын жеткізді. Айтуынша, ол интернетте біреудің мазағының құрбанына айналған. Белгісіз біреу оның атынан желіде парақша ашып, жалаңаш ер азаматтардың суреттерін жүктеп, хабарлама жариялапты. Полиция бұл іске көңіл аударғандып үлгеріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Үш айдан бері Көкшетау қаласының тұрғыны Ербол Сұлтанов белгісіз біреудің мазағына тап болған көрінеді. Қыркүйек айынан бастап оның ұялы телефон нөміріне белгісіз біреулер қоңырау шалып, оған болмайтын нәрселерді айтады екен. 

"Ер азаматтарға интимді қызмет көрсетеді деп менің екі нөмірімді біреу жариялап жіберіпті. Менің жақындарым мен достарым әлеуметтік желіде біреу жалаңаш ер азаматтардың суреттерін жүктеп, менің аты-жөнімді жазып, парақша ашқандығын көріпті. Олардың сөздерінше, мен олардың досы болуға өтініш білдіріп, артынша жеке-жеке ұятсыз қызмет ұсына бастаппын", - деді Ербол Сұлтанов. 

Ерболдың шын суреттерін жүктеп, оның атынан парақша ашқан адам желінің белсенді қолданушысы көрінеді. Ол жерде жалаңаш ер азаматтардың суреттері жарияланып, "интимді қызмет көрсетемін" деп жазылыпты. 

Көкшетау тұрғыны кімді соншалықты ренжітіп қойдым деп дал болыпты. Оның артынан таныстары өсек таратып, жарының мазасын алады екен. Ал бұл жағдай өз кезегінде балаларының тәрбиесі мен жеке кәсібіне зиянын тигізіп жатыр екен. Өзінің абыройын нұқсан келгені үшін ол құқық қорғау органдарына төрт бірдей шағым түсіріпті. 

"Бүгінгі күнге дейін еш нәтиже жоқ. Дегенмен мен полицейлер алаяқты қолға түсіреді деп үміттенемін. Ол адам тиісті жазасын алады деген ойдамын. Бұған ұқсас жағдай менің таныстарымда да болыпты", - деп қосты Ербол. 

Заңгерлер болса, парақша мен хабарламаларды айғақ ретінде скриншотқа түсіріп сақтауға кеңес береді. Себебі бұл жерде бөтен адамға жала жабу әрекеті байқалады. Ал бұл жағдай заң бойынша қатаңдықпен жазаланады. Виртуалды алаяқтардың өздері болса, біреудің атына кір келтіргеннен ләззат алатын көрінеді. Дегенмен аталғанжайтқа кез келген адам төзе алмайтын көрінеді. 

"Егер алаяқытың әрекетінің салдарынан басқа адамға зиян келсе, оны 7 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Мұндай алаяқтарды IP мекен-жай бойынша қолға түсіруге болады. Мысалы, террористерді, хаккерларды желіде ақпарат таратқаны үшін ұстап жатады ғой, бұл да соған ұқсас жағдай", - деді заңгер Марат Башимов. 

Ақмола облысының ПД аталған оқиға бойынша "Заңсыз порнографиялық материалдар таратқаны үшін" деген бап бойынша ғана іс қозғапты. Ал абыройы айрандай төгілген Ербол бұның аз екендігін жеткізді. Ал егер кибер-алаяқ ұсталған жағдайда ол бар-жоғы екі жылға ғана бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Талқылау