Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нумеролог: Келесі жылы кәрі қыздар мен сүрбойдақтар қатары азаяды

Келер жылдан бастап кәрі қыздар мен сүрбойдақтардың қатары азаймақ. Бұл нумерологтардың болжамы. Олардың есептеуінше, 2019 жыл отбасы жылы болмақ. Яғни көптен бері өз бақытын таппаған бойдақ қыз-жігіттерге доңыз жылы отау құру үшін таптырмас уақыт. Бірақ, ол үшін арнайы талаптар орындалуы шарт.

Белгілі нумеролог: Келесі жылы кәрі қыздар мен сұрбойдақтар қатары азаяды

Бұл туралы “Еуразия бірінші арнасы” хабарлайды.

Армандар орындалады! Бойдақ қыз-жігіттердің құлағына алтын сырға. 2019 жылы  болашақ жарыңызды жолықтырып, шаңырақ көтеруіңіз әбден мүмкін. Танымал нумерологтардың болжамына сәйкес, келер доңыз жылы отбасылы болуыңызға жол ашпақ.

«2019 жыл жеке өмірдегі өзгерістер үшін өте жақсы. Егер  сіз тұрмыс құрмасаңыз немесе әлі үйленбеген болсаңыз келер жылы өмірлік жарыңызды кездестіруге үлкен  мүмкіндігіңіз бар. Ең қызығы, той өте шулы, көңілді болу керек. Сонда сіздің некеңіз бақытты, берекелі әрі берік болады. Ал  отбасыңызда қиындықтар кездеспейді», – дейді нумеролог Клара Күзденбаева.

Астролог мамандар да нумеррологтың айтқан пайымымен толықтай келіседі. 2019 жыл жалпы Қазақстан үшін сәтті болмақ.

«Иә 2019 жыл 2018-ге қарағанда әлде қайда  құтты жыл болмақ! Атап айтқанда, доңыз жылы жеңілдеу өтеді. Мәселен Қазақстан астрология бойынша мерген жылы тәуелсіздігін алдық десек, яғни биылғы жыл сәттілік алып келеді деген сөз. Оның ішінде елімізде жаңа реформалар, жаңа бастамалар қолға алынады», – дейді психолог Ботагөз Нұрғали.

Өкінішті, бірақ бүгінде оң босағада отырып қалған қыздардың саны 700 мыңға дейін жетіп отыр.  Осыған қатысты мамандар тіпті «Кәрі қыз синдромы» терминін енгізіп, оның түрлі себептерін зерттеп көрсеткен.  Ал сұрбойдақ жігіттердің қатары аруларға қарағанда 2 есе аз екен. Сондықтан, «бұрымдылар көп созбай, тұрмысқа шығу керек» дейді сарапшылар. Бірақ…

«Сол болжамға қатты сеніп, нақты сол жылы тұрмысқа шыға алмаған болса, бұл да бір адамның іштей, сыртқа көрсетпесе де, іштей бір күйзеліске әкеп соқтырады. Әр нәрсенің екі жағы болады. Бір жағынан ол қыз-келіншектерімізге пайдалы болуы мүмкін. Бір жағынан керісінше кері әсерін әкелуі мүмкін», – дейді психолог Айым Әбдірова.

Бірақ, қалай десек те,  бұл тек қана болжам.  Сондықтан, оған имандай сенудің қажеті жоқ. Алайда бізде үміт  те жоқ емес. Сол себепті, бойдақ қыз-жігіттерге келер 2019 жылы отбасылы болуына біз де тілекшіміз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Айгүл Орынбек: Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу

Алматы облысында полиция басшысы балағаттаған аудио үшін қызметінен кетті

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Марат Кұштыбаев қызметінен босатылды

Бокстан әлем чемпионатынан тағы да шеттетілді: Левит экваторлық спортшыдан жеңілді

Бұл әлем чемпионаты - Левиттің мансабындағы үшінші чемпионат

Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Желі қолданушысы: Еріккеннің бәрі қыз ұзататын болған ба?
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр