Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белбеуді екінші рет қорғайды: WBO Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласын атады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) чемпиондық белбеуін қорғау үшін Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жұдырықтасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жәнібек

WBO қос тарапты жекпе-жек ұйымдастыру үшін келіссөз жүргізуге міндеттеді. Бұл үшін 20 күн мерзім берілді. Егер келісімге келмесе комитет жекпе-жекті өткізу құқығын сата алады, 

WBO дивизионы үшін ең төменгі мөлшерлеме орта салмақта 200 мың доллар. 

Ұйымның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген Әлімханұлы Лиам Смитпен жұдырықтасуға әзір екенін жеткізді. 

"Шынымды айтсам, қарсыластардың бас тартуынан шаршап кеттім! Келесі қарсыласым менімен жұдырықтасады деп сенемін. Бірақ уәде беремін, мен әлемдегі ең танымал боксшыға айналамын. Алдыға мақсат қойсаң және мақсатыңа сенсең, оған міндетті түрде жететініңді барлығы біледі", – деп жазды ол Твиттердегі парақшасында. 

Еске салайық, Лиам Смит қаңтарда отандасы Крис Юбенкті нокаутпен жеңген еді. Сонымен қатар ол Юбенкке қарсы реванш өткізуі керек, ал бұл міндеттемесі Әлімханұлымен жекпе-жегіне кедергі келтіруі мүмкін. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 08:37