Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеухан: Біз де пендеміз, біз де әлденелерді бүлдіріп қоямыз

Мәжілістің әрбір төртінші депутаты салық төлемей жүр. Мемлекеттік кірістер комитеті осындай мәліметті жариялады. Қарызы бар тұлғалардың арасында Владимир Божко, Бекболат Тілеухан, Сауытбек Абдрахманов, Азам Перуашев, Бақтықожа Ізмұхамбетов сияқты танымалдары да бар.

Бекболат Тілеухан: Біз де пендеміз, біз де әлденелерді бүлдіріп қоямыз

Өткен демалыс күндері әлеуметтік желіге, ақпараттық сайттарға жарияланған осы бір мәлімет елді елең еткізді. Парламенттің төменгі палатасы, яғни, Мәжілісте өткен Үкімет сағатына арнайы барып, мемлекетке қарызы бар депутатардың өзінен сұрап көрдік. Қазір бүлдіршін ауруханада жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Әрбір 4-депутат салық бойынша қарыз екен? Уақытында көлік, мүлік салығын төлемейді екен.  Енді оны салық органдарымен тексеріп көру екен. Шындық па, шындық емес пе...", - дейді Ерсұлтан Бектұрғаов.

"Мен бір ай бұрын бәрін төлеп қойғанмын. Енді бір жерден шығарды, оны қарауымыз керек. Ондайды алдымен сұрап алған дұрыс", - деді Тұрғын Сыздықов.

Салық бойынша берешегі бар халық қалаулыларының дені сақа депутаттар. Мәселен, Владимир Божконың қарызы 234 мың теңгеден асады. Өкінішке қарай, бүгін парламенттен көре алмадық оны. Ал, Бақтықожа Ізмұхамбетов салығы туралы бізден бірінші рет естіп, селк ете түсті.

"Менің қарызым бар екен, қандай? Мен білмеймін, ешкімге қарызым жоқ", - деді ол.

Ал кәсіпкерлік, экономика тақырыптарын шемішкеше шағатын Азат Перуашев осымен екінші рет салық бойынша қарыз болып қалыпты. Негізінен мүлік салығы дейді. 183 мың теңгесін бүгін таңертең төлеп құтылыпты. Жалпы, мұндай ақпаратты жариялау арқылы салық төлеу мәдениетін, жауапкершілікті арттырамыз дейді.

"Ақпараттық сайтқа шықты. Божконікі 234 мың теңге. Басқа да депутаттар бар?  Менде бармын ішінде. Цифрландыру деген пайдалы дүние болып отыр. Қазір жаптық. Бухгалтерім звондады. Мүлік салығы. Жылдың аяғына дейін жабамыз ба деп жүргем, 1 қазанға дейін екен. Ақырындап, осылай үйренеміз", - дейді Азат Перуашев.

Ал бүгін білім министрлігін сынап хит болған Бекболат Тілеуханда мемлекет алдындағы перзенттік емес, пендешілік қателігін мойындады.

«Не үшін салық екен, білмеймін? 1 қазанға дейді, міне, көлік, мүлік салығы. Салығымды түгендеп бергендерге рахмет! Төлеймін ғой, қайда барам төлемей. 175 мың теңге, олар шатасып кеткен бірнәрсе шығар. Дұрыс емес пе? Төлеп тұрамын, айыппұл бірдеңелер болмаса. Машинамен қаттырақ жүреміз, бірдеңе бүлдірім қоямыз ғой. Біз де пендеміз!», - дейді Тілеухан.

Ал, бір қызығы мәжілістегі 107 депутаттың 105 інің салық туралы мәліметі мемлекеттік кірістер комиетінің сайтында жарияланған. Ал екі депутаттың, нақтырақ айтсақ, Нұрлан Нығматулин мен Гүлшара Әбдіхалықованың қарызы бар ма, жоқ па, комитеттің сайтты ол ақпаратты көрсетпейді. Салық органынан осы мәселе бойынша сұхбат беретін бір адам табылмады.

Талқылау