Базар біздің қолымызға өтті: "Алтын орда" базарында тағы да шу шықты
Алматы облысындағы "Алтын орда" базарында тағы шу. Бұл жолы базар басшылығы күзетшілермен келісе алмай, "қорқытып-үркітті" деп шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша, сауда орны аумағын күзетуге рұқсат бермесе де, әлдебіреулер күнде келіп ашық доқ көрсетіп жүр. Полицияға да шағым жазылған. Құзырлы орындар қазір тексеріп жатыр.
Еңгезердей жігіттің 30 шақтысы соңғы бір аптадан бері "Алтын орданың" аумағын айналшықтап жүр. "Бұл жақты күзету біздің қолымызға өтті, өз еріктеріңмен кетпесеңдер, обалы өздеріңе" деп үркітеді дейді базар басшылығы. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ресми түрде жалданғандар да әбден зәрезап болған.
“Егер кетпейтін болсаңдар, сыртта Газель, арнайы және жылдам қимылдайтын жасағымыз тұр, өз еркіңізбен кетіп қалуға болады" деп қорқытты. 14 маусымнан бастап "Алтын ордада", күндіз-түні осында. Біз де күндіз-түні осындамыз. Ешқайда, үйге барған жоқпыз. Ары-бері кетеді, ары-бері айналып жүр”, – дейді күзетші Әсет Егембаев.
“Осындай қоқан-лоқы жасап жүр. Біз базарды аламыз. Сонымен оның бәрін заңды түрде сот арқылы шешілетініне сенеміз. Қандай жағдай болса да, заң жүзінде жазаланады. Бұлар келгелі базарда тыныштық жоқ. Елдің мазасы кетіп жатыр. Екі күн бұрын "Сәлем" базары өртенді. Осы жағдайларға қатысы бар ма деп ойлаймыз”, – дейді "Алтын орда" базары директорының міндетін атқарушы Ермек Омаров.
Бұл жағдайға қатысты базар әкімшілігі құзырлы органға арызданған. Алматы облысының полиция департаменті тексеріс басталғанын айтты.
“Қазір Қарасай ауданының полиция басқармасының қызметкерлері аталған фактіні тексеріп жатыр. Жағдайды тексеру нәтижесі, оқиғаның объективті және жан-жақты зерттеу үшін құқықтық баға беріледі”, – дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік