Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Байбек пен Әбдірахымов Шымкент қаласын бірге аралады

Алматының бұрынғы әкімі, "Nur Otan" партиясының қазіргі бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге Шымкент қаласын аралады. 

Байбек пен Әбдірахымов Шымкент қаласын бірге аралады

Бұл туралы Бауыржан Байбек желідегі парақшасында айтты. Ол Шымкент қаласы мен басшысын мақтап, алған әсері жайлы бөлісті. 

"Шымкент қаласына келе салысымен Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге жаяу жүргіншілер орталығында қыдырдық. Маған қала өте ұнады. Қалада жасыл шөп, гүл көп екен. Өте әдемі, әрі жарық.

Бүгінде қалада батыс стандарты бойынша жаяу жүргіншілер жолағы жасалуда. Алматыдағы секілді ыңғайлы қоғамдық кеңістік, әдемі демалыс нүктелері, салқындық беретін құрғақ субұрқағы бар. Көптеген кафе мен мейрамханалар қонақтарды өзіне тартады. 

Әсіресе, тұрғындардың достық қатынасы байқалады. Шымкент тұрғындарымен сөйлескен өте әсерлі. Ғабидолланың сенімге кірген нағыз халық әкімі екені сезіледі. Елімізді бірлігі жарасқан, адамдар үшін ыңғайлылық сыйлайтын қалалардың көбейіп жатқаны қуантады. Шымкент тұрғындары мен мэріне табыс тілеймін!" - деді Байбек. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр