Баянауылда туристер аспалы жолдың ортасында тұрып қалған
Баянауылда туристер аспалы жолдың ортасында тұрып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 29 қаңтарда Баянауылдағы тау шаңғысы курортында болған.
"Арқандағы роликтің үзілуіне байланысты аспалы жол тоқтап қалды, соның салдарынан алты адам аспалы жолда тұрып қалды", - деді ТЖМ баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.
"Гамма" ЖШС қызметкерлері Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларымен бірлесіп, шамамен бес метр биіктіктен төрт адамды аман алып шықты. Кейін екі адам 20 метр биіктіктен түсірілді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген