Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова «Махаббат бекетінің» режиссеріне: Тиісті органдарға шағымданып, сізді жауапкершілікке тарта аламын

Танымал продюсер Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» фильмін түсіремін деп басы дауға қалған еді. Оған өзі рөл сомдаған «Махаббат бекеті» фильмінің режиссері Талғат Теменов шүйлігіп, фильмнің идеясын, музыкасын ұрлап, заң бұзушылыққа барғанын айтты. Алайда «ештеңе ұрламадым» деген Мақсатқызы режиссердің өзіне ескерту жасап, жауапкершілікке тарта аламын, дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баян Алагөзова «Махаббат бекетінің» режиссеріне: Тиісті органдарға шағымданып, сізді жауапкершілікке тарта аламын

Бұған дейін Алагөзова «ештеңені ұрламағанын», сонымен қатар «Махаббат бекеті» фильмінің авторлық құқығы «Қазақфильмге тиесілі екенін айтқан еді. Яғни 25 жыл бұрын Теменов мырза көпшіліктің жүрегін жаулаған танымал фильмінің авторлық құқығын «Қазақфильмге» өткізген екен.

Өз сөзінде Баян Мақсатқызы  режиссер Талғат Теменовтің өз фильмін мемлекет қаржысына түсіргенін, сол үшін қаламақысын да алғанын айтты. Сондықтан, наразы бола алмайсыз, дейді продюсер.

«Менің басқа атаумен фильм түсіруге, өзім қалаған актерлерді шақыруға құқығым бар. Алдағы уақытта осы сипаттағы мәлімдеме жасап, ел алдында мені ұрлық жасады деп айыптамас бұрын, абай болыңыз. Мен тиісті органдарға шағымданып, сізді жауапкершілікке тарта аламын», – деп жазды Баян Алагөзова Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар ол Теменов мырзаға «Тағдыр бекеті» фильмін түсіргелі жатқанын ескерткенін атап өтті. Алайда режиссер өзінен 50 мың доллар талап еткен көрінеді.

«Сондай-ақ, өзіңіге ескертілмегені жөнінде өтірік айтудың қажеті жоқ. Сіз менен 50 мың доллар талап еттіңіз және осылайша ақша тапқыңыз келді. Бұл әрекетіңіздің куәгерлері де бар. Егер сіз мені айыптамағанды, бұл жайттар туралы ауыз ашпас едім. Кешіріңіз, алайда мен фильмді мемлекеттің ақшасына түсіріп жатқаным жоқ, сондықтан сізге қалаған ақшаңызды бере алмаймын. Сіз қалаған жеріңізге, қалаған әдісіңіз бойынша шағымдана аласыз», – дейді Алагөзова.

Сондай-ақ, продюсер қолында аталған фильмді түсірге рұқсат беретін құжаттардың барын айтып, тіпті суретін жариялады.

«Мен фильм түсіруге рұқсат беретін құжаттарды ресми түрде алдым. Олардың ішінде музыканың авторы Төлеген Мұхамеджанов та бар», – деп түйіндеді Баян Мақсатқызы.

 

Естеріңізге сала кетсек, “Махаббат бекеті” фильмінің режиссері Талғат Теменов фильмнің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзоваға ренішін айтқан еді. Мұнан кейін Баян Мақсатқызы режиссерге жауап беріп, “ештеңе ұрламағанын” айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау