Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова Қарақат Әбілдинаға "Секс ауылда" фильмінде басты рөлді сомдауды ұсынды

Баян Алагөзова Қарақат Әбілдинаға «Секс ауылда» атты телехикаясында басты рөлді сомдауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Немишлен» бағдарламасына сілтеме жасап.

Баян

Үлкен көлемдегі гонорар ұсынған Алагөзованың ұсынысына Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлімен ақылдасып алғаннан кейін ғана жауап бере алатынын жеткізді.

Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Немишлен» бағдарламасының түсірілім барысында тапсырма алып, Қарақат Әбілдинаға «Секс ауылда» кинокартинасында басты рөлді сомдауды ұсыну қажет болатын. Әншіні алдап соғу Баян Алагөзова үшін қиындық тудырмады. Ауылда тұратын, қазақтың қарапайым жетіген мен домбырада ойнайтын қызына шетелдік азамат ғашық болып, оқиға ауылда өрбиді деп сендірді продюсер.

Сөз арасында Алагөзова Брэд Пидпен басты рөлді сомдаудың өзі бақыт екенін айтып қалды.

«Егер Қарақат басты рөлді сомдауға келіспесе, бұл картинаны түсіре алмаймыз. Өйткені Қазақстанда ол образды сомдап шыға алатын актриса жоқ. Қыдырәлі бизнесмен ғой, ол сені түсінуі керек», - деді Баян Алагөзова.

Продюсердың бұл ұсынысынан төбе шашы тік тұрған әнші өзінің ешнәрсені шеше алмайтынын айтып ақталды. Баянға Қыдырәлімен кездесіп, осы жөнінде ақылдасқаны жөн болатынын жеткізді.

«Бұл өте үлкен ұсыныс. Оны Қыдырәлімен ақылдасу керек. Егер бұл рөл маған ұқсайтын болса, бөлек әңгіме. Қандай фильм, қандай рөл екенін анықтап алу керек. Мен өмірімде киноға түсіп көрмегенмін. Мен шешпеймін оны. Қандай жағдай болмасын соңғы сөз Қыдірәлінікі. Мен ауылда өскен қызбын ғой ондай сахналардан қорқамын», - деп жауап берді әнші. 

Талқылау