Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Сатов: Тәуекел өскен сайын мен де өсемін

Бауыржан Сатов Тәуекелмен балалық шақтан дос екенін айтты. Актер Қайрат Нұртаспен, Тәуекел Мүсіліммен бір мектепте оқығанын айтып өтті. Досы Тәуекелдің өнерде өскенін қалайды. 

Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды. 

“Менің барлық сұхбаттарым Тәуекелмен байланысты болып кетеді. Себебі үнемі біргеміз. Телевизияда да, концертте де бірге жүргіземіз. Бірге өнердеміз. Өзіміз бала кезден доспыз. Бір мектепте оқығанбыз. Бірге модель болдық. Сондықтан ол туралы көп айтамын. Ол мен туралы айтпайды. Кейбіреулер ойлайды мен оны көре алмайды деп. Мен қайта Тәуекелдің өскеніне қуанамын. Себебі, Тәуекел өссе, бізге де бірнәрсе тиеді. Тәуекелді тұрған бойы сұлулық қой. Сымбатты. Ол талант. Менің өзім оның сымбатына сүйсінемін”, – дейді ол. 

Актер студент кезде бұзық балалармен көп жүріп, тәртіпсіздікке көп бой ұрғанын айтады. Өзіне зиян тимеу үшін тәртіпсіз балалармен бірге жүргенін мойындайды. Алайда ісі сотқа жеткенде бұл ісінің дұрыс емес екенін түсінген. 

“Студент кезде бұзықтау болды. Мені сотқа шақырды. Сол кезде ісімнің дұрыс емес екенін түсіндім. Анамды ойладым”, – дейді актер. 

Сатов тоқал алуға қарсы. Алайда тоқал алғысы келетіндерге еш қарсылық білдірмейді.



“Мен тоқал аламын деп ойламаймын. Маған керек емес. Ол туралы ойламаймын да. Тоқал алғысы келетіндер ала берсін. Шамасы жетсе алсын. Жеке басымда ондай жоспар жоқ”, – дейді. 

Актер жары Альбинамен бірге бір қызды тәрбиелеп отыр. Ол көпшілік орында қызын өзі қарауға еш арланбайтынын айтты. 

“Альбина өнер көрсетіп жүргенде қызымды мен қарадым. Сахна сыртында мен көтеріп жүрдім. Оған еш арланбаймын. Қызым құрсақта болғанда дәрігерлер оның ұл екенін айтты. Басқа да адамдар Альбинаның ішіне қарап ұл деп сендірді. Солай гендер-пати жасағанда ұл деп ойлап тұрғанмын. Бірақ қыз дегенде, түсінбей қалдым. Неге дәрігерлер ұл деп айтты деп қалдым. Сол әсерімді Тәуекел видеоға түсіріп алдыпты. Кейін ел мені қыз дегенде қуанбай қалды деп сөкті. Негізі олай емес еді. Бұл тек менің таңғалған күйім”, – де ақталды. 

Талқылау