Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас-басына 100 мың: Арыс тұрғындарына тағы қандай көмек көрсетілетіні айтылды

Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысуға ҚР премьер-министрі Асқар Мамин арнайы келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Арыстағы жарылыс

Премьер-министр облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген тұрғын үйлер мен 4 қабатты қалалық аурухананы, халыққа қызмет көрсету орталығын және Көктем шағын ауданындағы Журба атындағы орта мектепті аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты.

Сонымен қатар, күні кеше үйлеріне оралған арыстықтармен сөйлесіп, оларға тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді. Содан кейін премьер-министр Арыс қаласына берілуі тиіс көмекті талқылау мақсатында үкіметтік комиссия отырысына қатысты. 

Жиналыста Асқар Мамин Арыста тұратын әрбір тұрғынға, яғни 44 781 азаматқа үкіметтен 100 мың теңгеден берілетінін айтты. Сондай-ақ, қала 1 ай көлемінде толық жөндеуден өтетінін жеткізді. Бұдан өзге, арыстық кәсіпкерлерге 1 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілетінін болды. 

Сонымен қатар, үкімет басшысы Арыс қаласында жаңа аурухана салынып, 4 мыңнан астам бала жазғы демалысқа баратынын баяндады. Ең бастысы, қаладағы әскери арсенал 2 аптада басқа аймаққа көшірілетіні жөнінде шешім қабылданды.

Айта кетейік, 28 маусым күні арыстық тұрғындардың алғашқы көші өз үйлеріне оралды.Оларды қалаға кіре-беріс аумақтан күтіп алған Мұрат Қадырбек тұрғындар бірнеше күнге жететін азық-түлікпен қамтылатынын айтты. Себебі жарылыстан соң қалған азық-түлікті тұтынудың қауіптілігі бар.


 

"Түссеңдер болды деп еді": Арыста 8 немеренің әжесі жергілікті биліктің өзін алдағанын айтып шу шығарды (видео)

 

Талқылау