Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бауырының аяғын ыстықтан қорғап жатыр": Қарақат пен Қыдырәлінің ұлы жұртты сүйсіндірді (видео)

Қарақат пен Қыдырәлінің ұлы жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыдырәлі Болманов қос ұлының бейнежазбасын желідегі парақшасында бөліскен. Видеода бір-бірін арқалаған бауырларды көруге болады. Інісінің аяғы ыстыққа күйіп қалмасын деп ағасы оны арқалап алған. Бір-біріне бауырмалдық танытқан ұлдарын көрген өнер иесі таңқалысын жасыра алмады.

"Біз айтпай-ақ, бір-біріне қамқор болып жүрген балалар жүрегіңді жылытатыны рас. Алла бере салғандарыңның мейірімді болуы, біріне-бірі қол ұшын созуы, бір-біріне қарап жүруі әдеттеріне айналып, саналарына сіңіп кетуі қажет", - деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Ал жұлдызды ана бұл көріністі түсіндіріп берген. Жүрегі елжіреп кеткен Қарақат Әбілдина ұлдарымен мақтанды.

"Бауырының аяғын ыстықтан қорғап жатыр екен. Құдай, жүректерім. Бауыр деген осындай болады", - дейді Қарақат Әбілдина. 

Мұны көрген желідегілер отбасындағы тәрбие туралы айтып, Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағына шаттық тілескен. Олар жұлдызды жұптың балаларына сүйсінді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Біз айтпай-ақ,бір-біріне қамқор болып жүрген балалар жүрегіңді жылытатыны рас...Алла бере салғандарыңның мейірімді болуы,біріне-бірі қол ұшын созуы,бір-біріне қарап жүруі әдеттеріне айналып ,саналарына сіңіп кетуі қажет.... Өте жақсы демалыс болды. Қызыл теңіздің суының мөлдір,керемет тұнықтығы -қатты ұнады. Ең бастысы,- Бір Алланың арқасында аман-есенбіз ! Ендігі тілегіміз Елімізге аман-есен жету ! Алла тіл-көз,бәле-жаладан сақтасын !

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

"Балаларыңыздың мейірбан болуы сіздерден алған тәрбиесіне байланысты", "Сіздерге қарап бой түзейді", "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар", "Неткен ғажап", "Қандай үлгілі отбасысыздар", - деп пікір қалдырды желідегілер. 

Талқылау