Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Батысқа еліктемейміз": Белоруссия президенті балаларын белдікпен ұрғанын мойындады

Беларусь президенті Александр Лукашенко балаларын тәрбиелеу мәселесінде кейде қатал әдістерге жүгінетінін және баласын белдікпен ұрғанын мойындады.

"Жақсы белдік кейде балаға да пайдалы. Әрине, бәріне бірдей бола бермейді. Виктор үлкен ұл ретінде менен көп таяқ жеді. Ортаншым Дима Витаны қалай ұрғанымды көрген, қасында тік тұратын», - деп келтірді Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенконың сөзін. 

Сонымен бірге ол балаларға жазалауды жақтаушы емес екенін, бірақ кейде қаталдық танытпау мүмкін емес болатынын баса айтты. Сонымен қатар, қазіргі уақытта республикада талқыланып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң жобасына түсінік бере отырып, Лукашенко балаларды тәрбиелеуде Батыс ұсынған идеяларды емес, «славян дәстүрлері» мен «Беларуссияның жеке мүдделері» ескерілетінін айтты.

"Кейбіреулер отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы айтады. Бұл қазір Батыста сәнге айналған сөз. Жақында оларда отбасылар болмайды: еркек еркекке үйленеді немесе әйелдер әйелдерге үйленеді. Балаларды дүниеге әкелетін ешкім болмайды. Ал, біз олардан отбасындағы кейбір мінез-құлық нормаларын алуымыз керек екен», - деді Лукашенко.

Ел президенті сондай-ақ жаңа заң жобасын ел тұрғындарының белсенді талқылауы бұл іске пайдалы екенін атап өтті, өйткені бұл мәселеге деген ыстық ықылас президенттің назарын аударады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан
Çàãðóçêà...