Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда мал арасында вирус өршіді: Өңір тұрғындары малды жаппай сойып жатыр

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылында аусыл вирусы өршіді, ол жануардан адамға берілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме беріп.

корова

“Вирус жұқтырған жануарлар жем жей алмай, салмақ тастап жатыр. Кейбіреулер жайылымнан ауру болып келді, ауыздарынан көбік аққан. Жануарларды союға мәжбүр болдық. Менің күйеуім – ветеринар. Ол қалған жануарларды бөліп алып, ал ауруларын антибиотиктермен емдеді”, – дейді Бестамақ ауылының тұрғыны Салтанат Нұрғалиева.

Ақтөбе облысының ветеринарлық басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров аусыл жұқтырған ірі қара малдың етін жеуге болмайтынын айтты.

Сондай-ақ Бестамақ әкімі Қанат Дәулеталиннің адамдар ауру жұқтырған малдың етін жейтінін білетіні хабарланған, алайда нақты қанша адам екені белгісіз.

Талқылау