БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

Ғали Исқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды

Бұдан бұрын Ғали Искалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Үйленген, екі баласы бар.

Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының экс-әкімі Алтай Құлгүнов бүгін, 13 маусымда, Нұр-Сұлтанның әкімі болып тағайындалды.

Исқалиев Ғали Нәжмеденұлы 1970 жылы 6 ақпанда Орал облысы Таловское ауылында дүниеге келген.

1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, 2009 жылы - Халықаралық бизнес академиясын экономист мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

Агропромбомбинат ғылыми-өндірістік кәсіпорнының аға сарапшысы (1993);

"Тұран-Әлем" батыс қазақстандық банк басқармасының бөлім басшысы (1994-1998 жж.);

"Темірбанк" ААҚ Орал филиалының директоры (1998-2003 жж.);

Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасының басшысы (01.2003-02.2004);

Батыс Қазақстан облыстық "Градиент" инвестициялық орталығының басшысы (2004-2006 жж.);

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарушы директоры (06.2006-03.2008);

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ вице-президенті (03.2008-06.2009);

"Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы (06.2009-2011);

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (03.2012-06.2014);

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (06.2014-09.2016);

Астана қаласының "Даму жобалары үшін сараптама орталығының" директоры (2017-2018 жж.);

Астана қалалық ортасының қалпына келтіру басқармасының бастығы (05.2018-01.2019);

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (01.2019 бастап)

 "Нұр Отан" партиясының мүшесі

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр