Батыс Қазақстан облысында ластаушы заттар көлемі небары 1,5%-ды құрады
Батыс Қазақстан облысы еліміздің экологиялық қолайлы өңірлердің бірі. 2022 жылдың қорытындысымен өңірде ластаушы заттар көлемі небары 1,5%-ды құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, бұл республика бойынша ең жақсы көрсеткіштердің бірі (республика бойынша – 2,3 млн.тонна, оның ішінде БҚО – 1,5%).
Президент тапсырмасымен облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешу мақсатында 2020 жылы Қазақстан Республикасы Экология министрлігімен бірлесіп Жол картасы бекітілді.
Жол картасын іске асыру аясында бірқатар кешенді жұмыстар жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, Қарашығанақ кен орнындағы ластаушы заттардың ең ірі 16 көзі автоматты мониторинг жүйелерімен жабдықталды.
Сондай-ақ, биыл мемлекеттік орман қоры аумағында барлығы 3 млнға жуық ағаш егілді. Бұл жұмыстар күз айларында өз жалғасын табатын болады.
Облыс бойынша өткен жылы жиналған 17,2 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 15,1% өңделіп, кәдеге жаратылды (2021ж.- 11,2%).
Қалдықтарды басқару саласында Орал және Ақсай қалаларында жаңадан қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысын салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Сонымен бірге 2024-2028 жылдар аралығында Орал және Ақсай қалаларындағы кәріздік тазалау құрылғыларын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарлануда. Аталған шаралар өңірімізде экологиялық ахуалды тұрақтандыруға оң септігін тигізетін болады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?