Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Еуропа елдерінен екі-үш есе көп: Елімізде 5 жылда 33 мыңнан аса кәмелетке толмаған қыз жүкті болған

Жүктілік, түсік, жыныстық жұқпалы аурулар! Айналасы бір жылдың ішінде бесіктен белі шықпаған арулардың 3 000-ға жуығы дәл осы мәселемен бетпе-бет келген. Құрсағына ерте бала бітіп, оны алып тастаған әрбір төртінші бойжеткен елімізде ана болу бақытынан айырылған. Жуырда мемлекеттік комиссия елді-мекендерді аралап, жаға ұстатарлық статистиканы мәлімдеді. 

Батыс Еуропадан екі-үш есе артық: Елімізде 5 жылда 33 мыңнан аса кәмелетке толмаған қыз жүкті болған

Кәмелетке толмағандар арасындағы деректер мен дәйектер жаға ұстатады. Соңғы бес жылда елімізде 18 жасқа толмаған 33 051 қыз ойнақтап жүріп от басса,  оның 30 пайызы, яғни  9 906-сы баласын алдыртып тастаған. Бұл көрсеткіш Батыс Еуропа елдерінен екі-үш есеге артық, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.

«350 қыз кәмелет жасқа толмай жүкті болған, балалы болған. Онда бәрін тастайық! 5-сыныптан бастап күйеуге шыға берсін!» - дейді «Нұр Отан» партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшесі Рысты Жұмабекова.

Сараптамалық топ 13 аудан мен шалғай ауылдардағы жағдаймен танысып, осындай қортындыға келіп отыр  Тек бір ғана  Жамбыл облысында  бесіктен белі шықпай жатып жыныстық қатынасқа түскен қыздардың саны тым көбейіп кеткен. Олардың дені 15 пен 17 жастағы бойжеткендер.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 15-19 жас аралығындағы жастардың 30 пайызы жыныстық қатынасқа түсіп үлгерген. Атап айтқанда, 2018 жылы 3500  мектеп оқушысы сәби сүйген. Өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, өткен жылы мектеп оқушылары арасындағы жүктілік бойынша Маңғыстау облысы көш басында, мұнда 15-19 жастағы қыздардың 42 пайызы ана атанған. Екінші орында – Жамбыл облысы. Бұл аймақта мектеп оқушыларының жүктілігі 41 пайызға жетіпті.  Ал Атырау мен Алматы облыстарында кәмелет жасқа толмаған қыздардың бала туу көрсеткіші 35 пайызға жеткен.

«Жуырда жүргізілген статистикаға сәйкес, кәмелет жасқа толмаған бойжеткендердің,  үштен бірі  жыныстық қатынасқа 14 жасынан бастап түсетінін айтқан. Сондықтан да бұл дабыл қағатын дүние. Біз үшін бұл тақырып қашан да жабық, негізі ашып айтатын уақыт келді. Ұяттың кесірінен мәселе, керісінше, жыл сайын ушығып барады. Мәселен, әлемде АИТВ жұқтырудың тренді төмендеп жатса, біздің елде керісінше көбейіп жатыр», - дейді ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының» қоғамдық денсаулықты нығайту орталығы басшысының орынбасары Камила Тұяқбаева.

Психологтардың пайымы да осындай. «Жыныстық тәрбиені ерте жастан бастау керек деген мәселе бұрын да айтылды. Тек біздің қоғам оған әлі дайын емес. Салдарынан жаға ұстататын цифрлар өршіп тұр!» дейді Ақгүл Молдабекова. Өйткені,мұғалімдер де ата-аналар үшін ол тақырып - ұят!

«Біздің минталитет бұл тақырыпты ашып айтпайды. Қыз балалар да, ер балалар да жыныстық қатынасты білгенімен, шорқақ болып келеді. Бұл тақырыпқа тоқталу керек емес деп жауып тастайды. Баланың тым қатты ұстайды, сондықтан сырттан жылу іздеп, ерте жыныстық қатынасқа түседі. Екінші себебі, баланы тым бос ұстайды. Сондықтан қалағанын жасауға тырысады. Мектеп кінәлі  деп айту қиын», - дейді психолог Ақгүл Молдабекова.

Күні кеше кәмелет жасына толмаған 70-тен астам ақтөбелік қыз жүкті болып қалғаны белгілі болды. Құрсағында ерте бала біткендердің дені мектеп пен колледж студенттері екен. Ал Біріккен ұлттар ұйымының еліміздегі өкілдігі жастар арасында сауалнама жүргізген. Респондеттердің 44 пайызы жыныстық қатынасты 14 жаста бастағандарын айтқан.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр