Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Батырсың, ерсің!": Қытай сахнасында тұрып қазақтың әнін орындаған Димаш жұртты сүйсіндірді (видео)

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Фуджоу қаласындағы халықаралық кинофестивальдің жабылу салтанатында «Самалтау» әнін орындап шықты. Көпшілік оның өнерін тамашалап отырып ерекше күйге бөленгенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш ҚұдайбергенСурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash/ 

Аталған видеоны Мария Түлентаева өзінің Facebook парақшасында бөлісті. 
«1916 жылы маусымның 25-інде Ресей патшасы II Николайдың «Реквизициялау туралы» жарлығы шығып, Қазақстан, Орта Азия мен Cібірдегі «бұратана халықтардан» 19 бен 43 жас аралығындағы 400 мың адамды майданның тыл жұмыстарына алу көзделді.

Оның 240 мыңы қазақтан алынатын болды. Осы жарлыққа іле-шала қазақ даласы мен Орта Азияда жиырмасыншы ғасырдағы ең айтулы, жаппай көтерілістердің бірі басталды. Арқаға тірелген қара мылтықтың күшімен жат ел, бөгде жұртқа еріксіз кетіп бара жатқан қазақ жігітінің осы бір әні артта қалған ата жұртқа дұғай сәлем болып жетті.

Әуелетіп басталатын осынау ащы әуен — қайда, неге және не үшін бара жатқанын түсіне алмаған қазақ жігітінің кеудесін жарып шыққан, өз тарихын өзі баяндайтын кең құлашты деректі ән. Жарайсың, Димаш! Батырсың, ерсің! Ризамыз!» - деп жазды Мария Түлентаева. 

Әлеуметтік желі қолданушылары да өз кезегінде ерекше әсерде қалғанын жарыса жазды. 

«Ғажап. Айналайын балам, арманыңа жет. Тегін таңдамаған, түсінген адамға ой салары хақ. Димаш тек әнші», «Ғажап, керемет! Қалай орындады, қалай жеткізді? Қазақтың халық әнін денемізді шымырлатып, жүректі дірілдетіп орындады. Көз жасқа да ерік бердік. Рахмет саған, қазақтың алтын баласы» деп жазды олар. 

Естеріңізге сала кетсек, ән айтып тұрып сәбидің бетінен сүйген Димаш жұртты тамсандырған болатын

Талқылау