Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басшысы жалақысын сұрап келген жұмысшыны арыстанға жегізбек болды

Пәкістанның Пенджаб провинциясында басшысы істеген жұмысының ақысын сұрап келген электригін арыстанға жегізбек болды. Ол үйіндегі арыстанды жұмысшыға қарай қоя берген.

Басшысы жалақысын сұрап келген жұмысшыны арыстанға жегізбек болды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әли Раза есімді мешіт бақылаушысы электрик Мұхаммед Рафикті жалдап, белгілі бір жұмыстарды жасап беруін сұраған. Ер адам өз жұмысын бітіргеннен кейін ақысын талап етіпті. Алайда басшысы ақшаны кейінірек беретінін айтыпты. Алайда уәдесі ұзаққа созылып кеткен. 

Осыдан кейін Рафик басшысының үйіне тағы да келіп, жалақысын беруін талап етіпті. Сол кезде Раза үйіндегі арыстанын электрикке қарай қоя берген.

Жыртқыш ер адамға тап беріп, оның беті мен қолын жарақаттапты. Үйдің маңынан өтіп бара жатқандар әлдекімнің жанұшыра көмек сұраған даусын естіп, көмекке келеді. 

Бастапқыда Раза емінің ақысын төлеп беруге уәде еткеннен кейін, Рафик полицияға шағымданбапты. Алайда мұнан кейін арыстанның иесі уәде етілген өтемақыны төлеуден бас тартқан. Арада бір ай өткеннен кейін электрик билікке шағымданды.

Әли Разаға қатысты «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр. 

Талқылау