Соңғы жаңалықтар

Басшылар параны құныққаннан, ал қарапайым адамдар қажет болғаннан алады: Шпекбаев тағы жаңа бастама ұсынды

Басшылар параны құныққаннан, ал қарапайым адамдар қажет болғаннан алады. Жемқорлықпен күресетін ең басты агенттіктің басшысы қоғамда қалыптасқан осындай пікірдің жаны бар дейді. Алик Шпекбаев соған орай сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдерін жариялады. Яғни, бұдан кейін Серік Ахметов, Қуандық Бишімбаев сияқты аса ірі көлемдегі жемқорлғы үшін сотталғандарды мерзумунен бұрын босатуға тыйым салынбақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жемқорлықпен күресетін ең басты агенттіктің басшысы жаңа заң
700 жүз миллион теңгедей пара алғаны үшін 10 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтің жазасының бір жылын ғана өтеп, сот шешімімен жуырда босап шыққаны қоғамда қызу талқыланған болатын. Осы жайт түрткі болса керек, алқа отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы парақорлардың мерзімінен босап шығуы мен судьялардың жауапкершілігіне тоқталды. Алик Шпекбаев мырзаның айтуынша бүгіннің өзінде 5 судья жемқорлыққа бет бұрғаны үшін сотталыпты. 

«Осы орайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың жемқорлығы үшін жауапкершіліктерін қатаңдату туралы бастама көтердік. Сондай-ақ ауыр және өте ауыр қылмыстары үшін сотталған тұлғаларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шектеу қоюды ұсынып отырмыз» - деді А. Шпекбаев жиналыста. 

Жыл басынан бері 1028 тұлға жемқорлығы үшін ұсталыпты. Оның 23-і республика деңгейдегі басшылар болса, 86-сы облыстағы жетекшілер екен. Агенттік төрағысы бұл қылмысқа бет бұрғандардың ішінде қатардағы қызметкерлердің көп болуы жалақының аздығынан деп отыр. 

«Қазақстанда соңғы 5 жылда жемқорлығы үшін жауапкершілікке тартылғандардың 75 пайызы жалақысы аз төменгі немесе орта санаттағы мемлекеттік қызметкер екен. Осыдан-ақ басшылар параны құныққаннан, ал қарапайым адамдар шарасыздықтан және қажет болғаннан алады деген қоғамда қалыптасқан пікірдің рас екендігін көруге болады» -деді жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы.

Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысы жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға пара сомасының 10 пайызын сыйақы ретінде төлеуді ұсынған болатын. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім төбелес кезінде көз жұмды

Төбелесте тағы екі жасөспірім пышақ жарақатын алған

Түркістан облысында жас жігіт 15 жастағы қызды алып қашып, зорлап тастаған

Сот жігітті 11 жылға бас бостандығынан айырылды

"Күлкі дегенді ұмыттық. Өзіме келе алмай жүрдім": Нұрлан Еспанов әйелі қатты ауырған күндер туралы

Әнші әйелін емдетуге ақша беріп көмектескен достарына алғыс айтты

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған
Çàãðóçêà...