Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақтың қызы екеніңді ұмытпа": Баспана ала алмаған Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті

Босқын мәртебесін алуға тырысқан этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Alt

Адвокат Айман Омарова Сайрагүл Сауытбайдың Алматы әуежайынан ұшып кеткенін айтты. Айтуынша, Сайрагүл дамыған елдердің біріне өмірін жақсарту үшін отбасымен бірге кетті. 

"Қош бол, Сайрагүл! Жолың болсын! Бақытты бол! Атажұрттыңда қазақпын деп асығып, Қытайдан қашып келгенде пана бермесе де, енді өміріңе дүние жүзінде ең дамыған мемлекет есігін ашты! Сен әрдайым нағыз қазақтың қызы екеніңді ұмытпа!", - деді Айман Омарова. 

Адвокаттың айтуынша, олар бұған дейін Швециядан баспана сұрап, БҰҰ-на құжат жіберген.

Сайрагүлге босқын мәртебесін беру мәселесіне қатысты сот ісі әлі жалғасуда. 

Бұған дейін Сайрагүлдің жағдайын қоғам болып талқыланған соң сот Сауытбайды елден көшірмеген болатын. Оған 6 ай шартты түрде бақылауда ұстау туралы жаза берілді. Айта кетейік, 4 қазан күні шыққан сот шешіміне сәйкес, Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруге,саяси баспана беруге бас тартылды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр