Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басқа қалалардағы тұрғындар құжат тапсыруда: 100 мың теңге көмектен қағылған арыстықтар мұңын айтты

Арыста тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар жан басына берілетін жүз мың теңге көмектен қағылып жатырмыз дейді. Қалада үш жылдан астам өмір сүріп, жарылыс кезінде қарша бораған оқтан әрең аман қалғанын айтқан Малина Исаева өзі ғана емес бүкіл отбасының жәрдемақыдан қағылып отырғанын айтады. 

Басқа қалалардағы тұрғындар құжат тапсыруда: Тұрақты тіркеуі жоқ арыстықтар 100 мың теңге көмектен қағылуда

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Арыс халқына беріледі деген 100 мың теңге көмектен қағылғандардың бірі – Малина Исаева. Арыс өзенінің жағасындағы саяжайда қызмет ететін тұрғын өзінің үш жылдан бері осында тұрып жатқанын қаланы жарты халқы растай алатынын айтады. Дегенмен құжат бойныша тіркеуде болмағандықтан, 100 мың теңге көмекті ала алмай жүр.

Есесіне, Арыстан көшкеніне бес-алты жылдан асып кеткен басқа қалалардағы тұрғындар мекенжай тіркеуін пайдаланып,100 мың теңгелік көмекке құжат тапсырып жатқан көрінеді.

«Құжат тапсырғанда жұрттың бәрі үйдің құжатын апаруда. Құжат қабылдап жатқан комиссия мүшелері мекенжай бойынша тіркеуде жоқтарға 100 мың теңге берілмейтінін айтты», - дейді Исаева.

Билік тіркеусіз адамға 100 мың берілмейтінін растады. 

Талқылау