Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа да аймақтарда бас шығар": Ақмола облысының әкімі туыстарының иелігіндегі жерлер туралы айтты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында туыстарының иелігіндегі жерлер туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әкім

Ермек Маржықпаев отбасының үлкен екенін айтады. 

"Отбасымыз үлкен, 5 ұл, 3 қыз бар. Олардың иелігінде жер бар. Нақты қанша екенін айта алмаймын. Бұл сұраққа жауап бермеймін. Олардың меншігіндегі жер Ақмолада немесе басқа аймақта да болуы мүмкін, себебі әр облыста тұрады", – деді ол. 

Облыс әкімінің сөзінше, жұбайы да жерге иелік етеді және агробизнеспен шұғылданады. 

"Әйел кәсіппен шұғылданады. Жерді 2006 жылы алған. Қанша жер екенін айта алмаймын. Өзімнің көлігім жоқ, жаяу немесе қызметтік көлікті қолданамын. Ал әйелімде Lexus автокөлігі бар. 2012-2013 жылғы болу керек. Ал балаларымның немен жүріп-тұратынын білмеймін. Олар ересек азамат қой", – дейді Маржықпаев. 

Назархан Уән
Жұма, 10 Ақпан, 2023 14:53