БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Басқа амалым болмады»: Дәрігерлер ұлының емі үшін бүйрегін сатпақ болған ер адамға тегін көмектесті

Индонезияда ер адам ұлына жасалатын отаның ақысын төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған. Алайда оған жаны ашыған дәрігерлер отаны тегін жасауға келісті.

«Басқа амалым болмады»: Дәрігерлер ұлының емі үшін бүйрегін сатпақ болған ер адамға тегін көмектесті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AsiaOne порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам мойына бүйрегін сататыны туралы жазылған тақтайшаны іліп, көшеге шыққан. Осылайша, Эли Кристианто бас миының қатерлі ісігіне шалдыққан ұлының отасына ақша жинауды ұйғарады. Себебі 23 жастағы ұлы Эландра Вигуна отбасының ем-домға төлейтін ақшасы болмағандықтан, ауруханада ем алуды тоқтатуға мәжбүр болған. 

Ер адам Танджунг-Балай-Каримун портынан шығатын жерге барып, сол жерде тұрады. Оның қиын жағдайынан қоғам хабардар болғаннан кейін, аурухана өкілдері тегін көмек көрсетуге келіскен. 

1 шілдеде Эландра Вигунаға ота жасалып, сәтті өтті. Қазіргі уақытта жас жігіттің жағдайы тұрақты. 

Сонымен қатар аурухана басшылығы Вигунаның отбасына болашақта емге қажетті шығындарды өтеуге мүмкіндік беретін жеңілдікті рәсімдеуге көмектеседі. Ұлттық денсаулық сақтау бағдарламасы отбасының емге жұмсалған шығынының бір бөлігін ғана жауып берген. Сондықтан 59 жастағы Кристиантоның әлі 14 миллион рупий (350 мың теңгеден аса) көлемінде қарызы бар. 

Инодонезияда ағза саудасына тыйым салынған. Алайда ер адам мұндай қадамға шарасыздықтан барғанын айтады. Себебі ұлымның отасына қажет ақшаны қайдан аларымды білмедім, дейді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр