Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басынан балтамен ұрған: Атырауда жылқыларды аяусыз қинаған ер адам ұсталды (видео)

Желіде тараған қасапшы туралы видео қазақстандықтардың жағасын ұстатты. Бейнежазбада ер адамның жылқының басынан бірнеше рет балтамен ұрғаны көрінеді. Бұл оқиға Атырау облысында орын алғандығы анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода ер азамат қорғансыз жылқыларды тоқпаштап жатқаны байқалады. Ал аттар тұруға тырысып жатқанда оларды одан сайын соққының астына ала жөнеледі. Полициялар видео «кейіпкерін» ұстады. Осы фактіге сәйкес, «Жануарларға аяусыздықпен қарау» бабы бойынша іс қозғалды. Ал адам сенгісіз жағдай болған цех қазіргі таңда жабылған екен. Жергілікті билік Атырауда жұмыс істейтін басқа да қасапханаларды тексеруді жоспарлар отыр. 

«Ереже бойынша ірі қараның аяғын байлап, жерге жатқызып барып сою қажет. Сонымен бірге оның денесіне тоқ жүргізіп өлтіруге болады. Видеода жануарларға аяусыздықпен қарау фактісі байқалады. Қасапханада аттестациялаудан өткен мамандар ғана жұмыс жасауы шарт. Бірақ бұл жердегі қызметкерлер сырттан алынған жай адамдар көрінеді. Цех уақытша тексеріс кезінде жабылатын болады, ал барлық жағдай жіті қадағалаудан өткен соң тиісті шаралар атқарылады», - деді Атырау облысының ветеринарлық станциясының басшысы Азамат Айтқали. 

Талқылау