Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Башпайларыңыз шығып кетіпті": Артур Төлепов киген киімі үшін ұялды

Артур Төлепов киген киімі үшін ұялды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Башпайларыңыз шығып кетіпті

Танымал әнші желідегі парақшасына сәнді киінген 66 жастағы шетелдік қариямен түскен суретін жариялаған. Ол ата туралы жазба қалдырып, өзінің киім киісіне ыңғайсызданғанын байқатты. Алайда, өнер иесі өзінің де болашақта әдемі киініп жүретінін айтып ақталған. 

"Иә, иә стиль менің екінші атым. Жұмыстан кейін осылай болып тұрмын. Суреттегі Турон қария. Ол 66 жаста. Мен де осылай киінетін боламын. Ата қалай киініп алыпты?" - деп жазды Артур Төлепов.

Қария мен әншінің суретін көрген жұрт жарыса пікір қалдырған. Олар ойларын ортаға салып, күлкіге қарық болды.

"Туысқандарыңды тауып алыпсың ғой", "Жаңа бейне, сәттілік тілеймін", "Шұлықты айтсаңшы", "Екеуіңіз де қарапайым көрінесіздер", "Көлік жуушы болып кетсеңші", "Атаң ба? Күнге қатты күйіп кетіпті", "Атаң  қымбат көрініп тұр", "Башпайларыңыз шығып кетіпті", - десті жұрт. 

Талқылау