Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

Алматы облысындағы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Өмірзақ Ниязбеков Шамалған станциясында болған аварияда зардап шеккен адамдардың қазіргі уақытта қандай жағдайда жатқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ниязбековтың айтуы бойынша, ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты. Олар зардап шеккендерді Қарасай ауданындағы орталық ауруханаға жеткізді. 

"Екі және үш жастағы екі қыз ауруханаға жатқызылды, олардың анасы 1986-шы жылғы. Балалардың жағдайы өте ауыр. Үлкен қыздың бас сүйек миы қатты зақымдалып, бас миының қабығы жыртылған. Маңдай сүйегі сынып, төбе аймағына өтіп кеткендіктен ісік пайда болған. Балаға ота жасап, өкпені жасанды желдететін аппаратқа қосты", — деді ол. 

Дәрігердің сөзінше, екінші қыз өте ауыр жарақат алған. Бас мидың діңіне зақым келген. Ол да өкпені жасанды желдететін аппаратта жатыр. Анасының оң жақ иығы, төрт қабырғасы, бұғанасы мен екі жауырыны сынып кеткен. Балалар медикаментозды ұйқыға жатқызылды (жасанды кома)

Үшеуіне бас мидың компьютерлік томографиясн жасады. Дәрігерлер анасының денесінде пайда болған ісікті алып тастады. Мамандар жансақтау жағдайында кертартпа емдеуді қолданып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Шамалған станциясында ірі жол апаты болып, үш адамның жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабарлаған едік

Талқылау