Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бас прокуратура митингтер туралы: Бұзушылықтарға жол бермейтін шаралар бұдан әрі де қабылданады

Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас прокуратура мәліметінше, жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасаған. Сонымен қатар жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген көрінеді. Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады.

Ведомство бұл ретте арнайы құралдар қолданылмағанын атап өтті.

«Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына (ҚР бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу), Қылмыстық кодексінің 400 (Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу) және 405-баптарына (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреміз», - делінеді хабарламада.

Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр